Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Болжамға сүйенсек, алдағы күндері циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел екпіні күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Түнгі ауа температурасы солтүстікте 5-13 градусқа, шығыста 7-15 градусқа дейін төмендейді