Бурабайдың көз жасын кім құрғатады?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Сексен көлі мөлдіреп, Бура­байдай сұлу өлкесімен ақын-жазушылардың ақық өлеңдеріне арқау болған ару табиғаттың бүгінгі жай-күйі көкірегі ояу жандарға ой салып, толғандырмай қоймайды. Өйткені кербездігі мен сән-салта­наты байлықтың ордасына айналса да, оны бағалау, тазалығы мен экологиялық мәселесін шешу жайы көңілді көншітпейді.
Тиыннан теңге құрап, бір ақшасын екі етпек болған қалталылар туристік кластердің көмегімен миллиондаған доллар пайда тапса да, түбіне түскен түйір ине де көрінетін көлі мен тұмса табиғатының жағдайына еш елеңдер емес. Жыл сайын миллиондап оталып жатқан ағаштар, сол ағашта тірлік кешкен аң-құс пен өсімдіктер дүниесінің орнына тұрғызылып жатқан виллалар мен коттедж үйлер, сауықханалар мен казинолар, көңіл көтеру орындарынан түскен сома алпауыт компаниялардың қалтасына сүңгіп жатыр. Бурабайдай сұлу өлкені тек ақшаның көзі деп қараған бұл адамдар оның экологиясы мен тазалығын мүлдем естен шығарып алған сыңайлы.
Бұған Бурабайға барып дем алған әрбір адам куә болып жатыр десек те қателеспеген болар едік. Қаражаты көбейген сайын қалталары да тереңдей түсетін алпауыт компаниялардың құрығы ұзын биліктен де еш сескенетін түрлері жоқ. Өйткені салы­ғын төлеп, заңға қарсы әрекет етпегендіктен «құда да тыныш, құдағи да тыныш». Жалпы, Бурабайдан мемлекеттің бюджетінің қоржынына қанша қаражат түседі? Осы мәселелерді ой елегінен өткізген біз тиісті мекемелердің табалдырығын аттап, лауазымды тұл­ғалардың пікірін білуді ұйғардық.
Шынарбек БАТЫРХАНОВ, Ақмола облысының туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
– Расында да, Бурабайдай жер жан­натының бүгінгі халі өкінішке қарай алаң­датарлық-ақ. Өйткені оның эколо­гиялық жағдайын оңалтуға бөлінетін қа­ражат деңгейі Бурабайдың жанары­нан аққан жасты құрғатуға да  жетпейді. Са­лыстыра келетін болсақ, спорт сала­сына бөлінетін қаражат жылына 2 мил­лиард теңге шамасында болса, ал мил­лион­дап пайда тауып отырған Бу­ра­байға бөлінетін бюджет шығыны жы­лына 15-20 миллион теңгені ғана құ­райды. Ал одан түсетін салық мөл­ше­рін қарасақ, 2005 жылдары 100 мың тең­геден астам салық түссе, 2011 жыл­дың қорытындысымен жарты миллиард теңге бюджеттің бүйірінен орын тепті.
Елбасының жыл сайынғы Жолдау­ла­рында ерекше аталып өтетін туризм са­ла­сын дамыту мен туризм кластерін оңтай­лан­дыру мәселелері аз жазылып, аз жыр­­­ланып жатпағанын ескерсек, эконо­ми­­камыздың толағай табыстарын мұнай­дан бірнеше есе молынан алуға мүмкіндігі бар жерді бағаламай отырғанымыз өкініш­ті-ақ. Қалай десек те, бұл өлкенің эколо­гия­лық жағдайы мен көлдің тазалығын қалыпқа кел­тіру өте күрделі, күрмеуі қиын мәселе болып отырған жайы бар.
Басқарма мамандарының берген мә­лі­меттеріне сүйенсек, жыл сайын жаз ай­ла­рының өзінде ғана Бурабайда 500 мың­нан астам адам дем алатын көрінеді. Ал бір жылда ол бір миллионға жуықтап қа­ла­ды. Келетін «қонақтардың» 30 пайыздан ас­тамы солтүстіктегі көршіміз ресейліктер бол­са, негізінен, өзіміздің еліміздің азамат­тары, сондай-ақ 5-6 пайызы ТМД мен ше­тел­дерден келетін көрінеді.
Құмына аунап, суына шомылғанымен, қазақтың жауһар табиғатының тазалығын олар қайтсін?! Қалдық заттары шашылып, тынысыңды ашатын жұпар ауаны ластап жатқаны жаныңды ауыртады. Бұл – тек ақмолалық ағайынның емес, тұтас елімізді, Үкіметті алаңдататын елеулі мәселе десек те қателеспейміз. Олай дейтініміз – кезінде бар қазақтың басын қосқан Ұлы Абылай ханның өзіне тұрақ болған Бурабайда тарихи орындар да жетіп-артылады.
Кенесары үңгіріндегі келеңсіздік
Тарихи орындарды тізбелемей-ақ, соның ішіндегі бір аталмай, көлеңкеде қалған жайды жапсарлай кетсек артық болмас. Кезінде қазақтың тәуелсіздігі үшін ақ патшаның өзімен арпалысқан соңғы ханымыз – Кенесары ханның үңгірі тарихи орын. Алайда оның қазіргі ұсқыны мүлде басқаша болып отыр. Болашақ ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, патриоттық-ұлтжандылық бағытта мол тәлім-тәрбие беруге тиіс тарихи орын бүгіндері «ащы суды» серік еткен жандардың ордасына айналған.
Үңгірдің ішін паналаған бұзақылар үң­гірге аты-жөндерін қашап жазып, оны­мен қоймай іші-сыртын арақ пен сыраның шыныларына толтырып тастаған. Көңілге кірбің түсіретін бұл жайт билік орындарына ой салуы тиіс. Аудан орталығы Щучинск қа­ласында орналасқан Ш.Уәлиханов атын­дағы кадет жастарын, тіпті оқушы бала­ларды осы тарихи орындарға апарып, шежіреден сыр шертетін орын­дардың мән-маңызымен таныстырсақ олардың бойында патриоттық, отансүйгіштік қа­сиет­тер оянбай ма? Әрине, дұрыс дейсіз.  Бі­рақ, бір қарағанда, онша-мұнша маңыз­ды деп қаралмағанымен, түптеп келгенде, тұтас ұрпақ  үшін мәні жоғары мәселе еш ескерусіз қалған.
Оймақтай ой. Жалпы, осы туризм са­ласы арқылы батыстағы Испания, Ита­лия, Норвегия сияқты дамыған елдер өз­де­рінің  бюджетінің 50 пайыздан аста­мын алып отырғаны  шындық. Түбі бір түріктер де Анталиясының атын әлемге паш етті. Ондағы экологиялық жай біздегілерге елестемейтін де шығар. Ойланайықшы, біз­дің олардан қай жеріміз кем?!.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста