Бурабайда ауданының әкімі қазақ батырларына көше атауын беруге қарсы болды

Бурабайда ауданының әкімі қазақ батырларына көше атауын беруге қарсы болды

Мұны ол қоғамдық-саяси жағдайлармен байланыстырған.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Щучинск қаласының көшелеріне қазақ батырларының атын беруге қарсы болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазып, әкімнің сөйлеген сөзі Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Жергілікті белсенділерді қабылдаған аудан басшысы мен Щучинск қаласының әкімі кенттегі үш көшенің атауын ауыстыруға қатысты ұсынысты қабылдамаған. Жергілікті ономастикалық комиссияға жетекшілік ететін қала әкімі Ерлан Қаппасов бұған дейін жиын өткізіп, ескі көше атауларының орнына Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және Талғат Бигелдиновтің атын беру туралы ұсыныс енгізген.

Қоғам белсенділері мен жергілікті атқарушы билік осы мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау өткізу керек болған. Алайда, бейсенбіде өткен жиналыста Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қазақ батырларының атын көшеге беруді қолдамаған. Ол қоғамдық тыңдаудың өтпейтінін мәлімдеп, қазір бұл сұрақты көтерудің қажеті жоқ екенін мәлімдеген.

«Ономастикалық комиссияның оң шешіміне қарамастан бұл талқылау болмайды. Қазір қоғамдық-саяси жағдай бұған мүмкіндік бермейді. Егер көше атын өзгертсек, ол жерге асфальт төселіп, жарық түсіп кете ме? Бұл қазір көтеретін мәселе емес», - деп мәлімдеген аудан әкімі. Бұл туралы  tirazh.kz басылымы жазып, шенеуніктің айтқандарының видеосы жария болды.

Бурабай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында аталған мәселенің талқыланғанын растады. Дина Қасымбаева көше атауларын өзгертуге қатысты ономастикалық комиссия шешімі қайта қаралатынын айтты. Аталған үш көшеге байланысты тыңдау болады екен. Ол үшін Щучинск қаласының әкімдігі басылымға хабарландыру беріп, процедураны қайтадан бастайды. Шенеунік осы жылдың соңына дейін Едомская, Коммунистическая және Трудовая көшелері қазақтың үш батырының атымен аталады деп сендірді.

«Әсет Азаматұлы (Әсет Мұздыбаев – авт.) өз ойын дұрыс жеткізбеген болуы керек. Мүмкін мәселені дұрыс түсінбеген шығар. Ол кісінің қарсылығы жоқ. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Уақытынан аз кешігіп қалдық. Қайтадан жарнама беріледі де осы жылы бәрін орындаймыз. Біз 2017 жылдан бері 74 көшенің атын өзгерттік. Кедергі жоқ. Ары қарай да осы жұмыс жүреді», - деді Бурабай ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Бурабай ауданы Қазақстандағы Ақмола облысының әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы – Щучинск қаласы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста