Бұқаралық ақпарат құралдары меморгандар жұмыстарының кемшіліктерін жасырмауы тиіс

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл жөнінде akorda.kz cайты ақпарат таратты.
Кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев Пре­зи­дент Әкімшілігінің идеология­лық, аумақтық-ұйымдастыру және эко­номикалық бағыттар аясындағы тиімді жұ­мысын жолға қоюдың маңыз­ды­лы­ғын атап өтті. Мемлекет басшысы таяу­да Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да кеңінен жария­лануы керектігін тағы да еске салды. «Аппарат мемле­кеттік бағдарламалар­дың орындалу барысын бақылап, кем­шіліктерді айқындауға және оларды тиімді іске асыру жөнінде нақты шара­ларды белгілеуге тиіс. Үкіметтің кеңей­тілген отырысында менің тарапым­нан айтылған сындардан тиісті қорытынды шығарылуы керек. Бұл бағыттарда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, кімдер жауапқа тартылғаны және жа­за­ланғаны туралы әрбір факті бойынша халық алдында есеп беріп, БАҚ-та жариялау жөнінде тапсырма берілген болатын. Мен  айтқан сын бойынша тек Тұрғынүйқұрылысжи­нақ­банкі­нің жағдайы жөніндегі деректер ғана ай­тылды, өзге ешқан­дай ақпарат бол­ған жоқ. Тіпті бұл ретте менің тарапым­нан айтылған сынның бір бөлігі газет бет­те­рінде де көрініс тап­паған және теле­эфир­­­ден де беріл­меген. Сондық­тан әр­кім­нен тек өз бағыты бойынша бағ­дар­­ламалар­дың орындалуымен ғана емес, сон­дай-ақ Үкіметтің, ми­нистр­лік­тер мен ведомст­волар­дың жұ­мы­сындағы кемшіліктерді жою жөніндегі барлық нұсқауымның орын­­­далуы­мен қа­таң  түрде жұмыс жүр­гізуін талап ете­мін», – деді Мем­лекет басшысы.
Бұған қоса, Қазақстан Президенті еліміздегі патриоттық тәрбие мен діни ахуал саласындағы жұмыстардың тиімділігі кемшін түсіп жатқанын атап көрсетті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүр­гізу бөлігінде Президент Әкімші­лігі­нің қызметін жақсарту қажеттігіне тоқ­талды.
«Президент Әкімшілігінің мемле­кеттік инспекторлары облыстардағы ахуал­ды толық білмейді. Олар өз өңір­ле­ріндегі барлық әкімдерді, ауылдық әкім­дерді жүзбе-жүз танып, әрқайсы­сы­ның жұмыс ерекшелігін ажырата білуге тиіс. Мемлекеттік инспектордың жұмысы барлық істен хабардар болу үшін де істеледі. Мысалы, Батыс Қазақ­стан облысына сапар барысында мем­ле­кеттік инс­пектор қажетті ақпараттың бәрін біл­мейтін болып шықты. Ол жа­ңа­дан келген адам болуы мүмкін әрі бә­рі­нің қыр-сырын терең игеріп үлгер­ме­ген шы­ғар. Бірақ соның өзінде олар­да өңір жөнінде жергілікті атқару­шы билік қызметіндегі жетістіктер мен кем­шіліктерді, сондай-ақ проблемалар мен іске асырылып жатқан жобаларды қам­титын толық ақпарат болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың атқарып отырған лауазымына сәй­кестігі жөнінде белгілі бір қорытынды жасау қажет болады», – деді Қазақстан Президенті.
Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге және биылғы жылдың соңына дейін жос­пар­ланған қоғамдық маңызы бар іс-шараларға тиімді ұйымдастыру­шылық-ақпараттық қолдау көрсетуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста