Жұма күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, боран соғады және көктайғақ болады, - деп хабарлайды "Казгидромет"
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймағында боран, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында көктайғақ болады.
Күндіз Қызылорда облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының бірқатар өңірінде тұман түседі.