«Болашақ» стипендиаты АҚШ-та балаларға қазақ тілін үйретіп жүр

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, бос уақытында Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін үйретеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Әсел Әбілдаева балаларға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Ол өзінің сабақтарында геймификация элементтерін белсенді қолдана отырып, қазақ тілін жеңіл әрі қызықты етіп үйретуде.

«Менің ойымша, шетелде тұратын отандастарым, әсіресе балалар ана тілін, мәдениетін, халқының тарихын білуі керек.

Балалар қазақ тілін, еліміздің тарихын қуана оқиды. Мен оларға ұлы бабаларымыз, хандарымыз, батырларымыз туралы әңгімелеймін және қазақ жазушыларының, ақындарының, ғалымдарының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып отырамын. Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ғалым-реформатор, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында балалармен бірге таныстырылым өткізіп, ұлт ұстазының Қазақстан тарихындағы орны туралы әңгімелестік», – дейді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева.
Қазір Әсел 7-12 жас аралығындағы 40-қа жуық баланы оқытып отыр. Балалар аз ғана уақыттың ішінде ана тілінде сөйлеу мен жазуды меңгеріп үлгерді. Балалар ана тілінде бір-бірімен пікірлесіп, өз ойын жеткізе алады.

«Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақ балалары ұлттық салт-дәстүрге, тарихи отанына қатысты барлық ақпаратқа қызығушылық танытады. Мен олардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыруға тырысамын», - дейді Әсел.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста