Биыл ең көп демалыс күндері наурыз айында болады
2019 жылы Қазақстан халқы 119 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтар ең көп демалатын күндер наурыз айында - 14 күн, ал желтоқсанда 12 күн демалатын болады. Мамыр мен қаңтарда ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер мына күндерi атап өтiледі:
Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;
Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз;
Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
Жеңiс күнi - 9 мамыр;
Астана күні - 6 шілде;
Қазақстан Республикасы Конституция күні - 30 тамыз;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан;
Ұлттық мереке: Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.
Қазақстан Республикасында мереке күндері халық демалады. Мереке күндері демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) түссе, мерекеден кейінгі күн жұмыс күні болып саналады. Осылайша, 2019 жылы бескүндік жұмыс аптасындағы демалыс күндері: 23 наурыздан 25 наурызға; 6 шілдеден 8 шілдеге; 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға; Алтыкүндік жұмыс аптасында: 1 желтоқсаннан 2 желтоқсанға ауыстырылады. Бұдан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады. 2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамыз күні атап өтіледі.