Павлодар облысы, Ақсу қаласының этномәдени орталықтары Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап, «Бір шаңырақтың астында тұрамыз» деген тақырыпта кеш өткізді.
Бұл шараға Жаяу Мұса атындағы Мәдениет колледжінің студенттері, оқушылар мен қала тұрғындары қатысты. Қонақтардың назарына «Халықтар бірлікпен күшті» деген тақырыптағы кітап көрмесі ұсынылды, жастар мен аға буын өкілдері «Қазақстан халқы: тарих және қазіргі заман» сауал-жауап сайысына белсенді атсалысты. Олар еліміздің көпұлтты халқының тарихы, этникалық диаспоралардың мәдениеттері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін ортаға салды.
Кеште өнер ұжымдары, танымал ансамбльдер өнер көрсетті.
Бір шаңырақтың астында тұрамыз
Последние статьи автора