Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев дүниеден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында дүниеге келген.
1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1969-1971 жылдары Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастады;
1971-1973 жылдары әскери қызметін өткерді;
1977 жылы институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист;
1977-1988 жылдары ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары; жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы;
1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары;
1993 жылдары Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары;
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі;
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті Аппаратының басшысы;
1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі;
1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды; 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы;
2006 - 2007 жылдары Премьер-министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі;
2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі;
2007 жылдан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
2011 жылдан Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары;
2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – Ақтөбе облысының әкімі;
2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды.
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.