Бектұр Аймауытовтың басына белгітас қойылды

Кеше Алматыда Алаштың ардақты ұлдарының бірі, қазақ прозасы бастауында тұрған ұлт мақтанышы Жүсіпбек Аймауытұлының баласы Бектұр Аймауытовтың басына белгітас орнатылды.  Б.Жүсіпбекұлы  Боралдай орталық зиратының батыс бөлігіне жерленген.  Белгітас орнату рәсіміне қазақтың бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жүсіпбек Аймауытовтың тұңғыш ұлы Бек­тұр Аймауытов  1916-2008 жыл­дар аралығында өмір сүрген.  Әкесі то­та­литарлық жүйенің құрбанына ай­на­лып, атылып кет­кеннен кейін Қазақ­стан­нан  көшуге мәж­бүр болған. 1930 жыл­дан бастап Ресейде тұр­ған ол зұлмат жылдары «халық жауының» ба­ласы ре­тін­де сотталып, Сталин лагерь­ле­рінде ке­сім­ді он жыл өмірін  өткізеді. Ит­жеккенде өн­дірісте жұмыс істеген. Бар қия­метті бас­тан өткергеннен кейін, 2004 жы­лы ғана атамекенге оралады. «Бектұр Ай­ма­уытов  қанша жыл Ресей жерінде жүр­се де,  туған топырағын ұмытпаған. Ту­ған жерге деген сағыныш оған осы то­п­ырақ­ты бұйыртып отыр», – деді бел­гітас қою рә­сімінде саяси құғын-сүргін құр­бан­дары қа­уым­дас­ты­ғы­ның  төрағасы Жұ­ма­бек Ашуұлы.
2006 жылы Бектұр Жүсіпбекұлы Ал­ма­тыға келіп, ардагерлер үйіне орналасады. Өз отанында    әкесі мен Алашорда өкі­­меті ту­ра­лы құнды  естеліктер қал­дырды. Бел­гі­тас­та «Ескерткішті қойған қа­зақ жастары» де­ген жазу бар. «Біз ұлт тұлғаларын тарих бе­ті­нен өшіріп ал­мауымыз қажет. Енді жас­тар болып ата­мыздың басына келіп тұ­руды мақсат етіп отыр­мыз»,  – деді  мем­лекеттік тілді дамыту қорының өкілі Еренғайып Қуатайұлы.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста