Батыс Қазақстан облысында Сомалиден келген тамада ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, 25 жастағы шетелдік Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында қолға түскен. Шетелдік азамат Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті болып шықты. Оның айтуынша, Қазақстанда 2019 жылдан бері тұрады. Алматыдағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығы бойынша оқиды.
«Осы уақыт ішінде сомалилік жігіт тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген. Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу дерегі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетелдік азамат депортациялануы мүмкін», - делінген хабарламада.