«Батырлар аллеясы» бой көтермек

Екі Кеңес Одағының Батыры мен он сегіз Социалистік Еңбек Ері! Бұл – Үржар ауданынан шыққан жауынгерлер. Батырлардың құрметіне аудан орталығы Үржар ауылының Қабанбай батыр көшесінде «Батырлар аллеясы» бой көтермек. Қазір кешеннің құрылысы басталып та кетті.
Үржар ауданы әкімінің баспасөз қыз­меті хабарлағандай, аудан әкімі Бауыржан Торғайбекұлы мен осы киелі жерде кіндік қаны тамған азаматтар таяу күндері аталмыш кешеннің іргетасын қалады.
Бауыржан ЖАНАҚОВ, Үржар ауданының әкімі:
– Бұл – ауданымыздағы ең ерекше орындардың бірі болады, біз бұл жерді әдемі және құрметті орынға айналдыруымыз керек. Бұл өскелең ұрпаққа, өсіп келе жатқан жас үржарлықтарға батырлардан үлгі алу үшін керек.

Алла қаласа, жақын арада «Батырлар аллеясының» құрылысы аяқталмақ. Аллеяда 20 батырдың мүсіндері құйылып, орналастырылатын болады. Бұл дегеніміз – Үржар ауданында тағы бір ерекше демалыс орны қолданысқа енеді деген сөз. Бастысы, бабалар рухына арнап тұрғызылған қасиетті орынға шын пейіл­мен тағзым етіп, оны көздің қарашығындай қастерлеп, қадірлесек жарар еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста