Баспана мәселесі. «Атырау жастары» бағдарламасы іске қосылады

Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Ол 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
  
Дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ «жетім балалар» санаты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатыса алады. 

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі екіжақты келісімге Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мен Отбасы банкінің Атырау облыстық филиал директоры Нұрбол Құрман қол қойды.

«Атырау жастары» – табысы жоғары емес жастардың баспана мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама. Олар пәтер алғысы келеді, Отбасы банкіндегі шоттарына қаражат жинап жатқандарын да білеміз, алайда барлығын бірдей оған мүмкіндігі жете бермейді. Ал жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылса, олардың бұл арманы жақын арада жүзеге асатын болады. Жобаға облыс әкімдігі 1 млрд теңге және Отбасы банк 600 млн теңге  бөледі, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман.
Атырау облысы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы қолға алынған 7-ші өңір. Жоба бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Қостанай және Алматы облысында жүзеге асырылды. Барлығын қосқанда облыс әкімдіктері мен Отбасы банкінің жастарды несиелендіруге жұмсаған ортақ бюджеті бүгіннің өзінде 60 млрд теңгеден асты. 

«Атырау жастары» бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданаты және байқау кезеңі әкімдікпен қосымша хабарландырылады. 

Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады. Мұнда алғашқы жарна 10% ғана болады. Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – Атырау қаласында үй сатып алу үшін 18 млн теңге, Атырау облысында үй сатып алу үшін 13 млн теңгеге дейін. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Жергілікті тұрғындарға «Атырау жастары» бағдарламасы 31 қазан – Жинақтау күні таныстырылды. Ал жалпы қазақстандықтарға жинақтау мәдениетін үйретіп, елімізге тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізген Отбасы банк болатын. Қазір 2,4 млн қазақстандық болашақта баспаналы болу үшін банкте қаражат жинау үстінде. Олардың шоттарында жалпы көлемі 2 трлн теңге жинақталып үлгерді. Банкте күніне 2 мыңға жуық жаңа депозит ашылады. Бастапқы жарнаға қаражат жинап жүрген салымшылар Отбасы банкінен жылдық 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, биыл бұл мүмкіндікті 68 721 ​​адам пайдаланып, жеке шаршы метрлерін иемденді. Орташа есептегенде бұл күніне 410 несие берілді деген сөз.

Депозиттерінде қаражат жинақтап жүрген банк салымшылары жақын арада мемлекеттен қомақты көмек – 20 пайыздық сыйлықақыға қол жеткізе алады. Ол 200 АЕК немесе 612 600 теңгеден аспайтын жинақ сомасына қосылады. Ақшалай есептегенде мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары сомасы 2022 жылдың соңында 122 520 теңгеге тең. 

«Атырау жастары» бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

1. Өтінім берген кезде қатысушының жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек.

2. Қатысушының Атырау облысында немесе Атырау қаласында кемінде соңғы бір жыл аралығында тұрақты тіркелуі және өтініш берген кезде өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Атырау облысында тіркеуі болуы тиіс;

3. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

4. Атырау қаласында немесе Атырау облысында таңдаған мамандығы бойынша ресми жұмыс өтілі.

5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста