«Арқан-Керген» шекара заставасында 15 әріптесін өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челахтың туыстары Бас прокуратурадан жауап алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, жоғары қадағалаушы орган «қылмыстық іс қозғауды талап еткен».
Челах нағыз өлтірушілердің аты-жөнін айтып, заставада не болғанын айта ма, ол әлі белгісіз.
Айта кетейік, Челах президентке жолдаған үндеуінде тергеу кезінде «қажетті айғақ алу» үшін оны азаптап, психотроптық дәрі-дәрмекпен толтырғанын айтқан.