Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) айыпталушы Т- га қатысты қылмыстық іс қаралды.
Биылғы жылдың 28 сәуірі күні сағат 11 шамасында Т. және Алматы қаласы 11-ықшам ауданында орналасқан Н. пәтерінде соңғыға массаж жасау құрылғысын жарнамалау және сату мақсатында, Н. қонақ бөлмесінде орналасқан шкаф ішінде тұрған 650 000 теңге ақша қаражаттарын көріп, жәбірленушінің асхана бөлмесінде оның әріптесі Л-мен бірге шай ішіп отырғанын пайдаланып, жасырын түрде қонақ бөлмесінде орналасқан шкаф ішінде тұрған 650 000 теңге ақша қаражаттын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сот үкімімен, сотталушы Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен оған мүлкін тәркілеумен 2 (екі) жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза мерзіміне қамауда 2017-жылдың мамыр айының 15-нен 2017-жылдың маусым айының 22-не дейін қамауда отырғанына байланысты, бір күнге бір күн есебімен түпкілікті осы баппен оған мүлкін тәркілеумен 1 (бір) жыл 10 (он) ай 25 (жиырма бес) күнге шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, тұрғылықты жері бойынша өтеліп, жергілікті атқарушы орган айқындаған орында жылына жүз сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Еркенұр Ерзия
Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды
Последние статьи автора