"Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Линден Вей мансабын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды. Ойыншы неміс клубы"Адлер Мангейм"бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен маусымда 31 жастағы канадалық ҚХЛ тұрақты маусымында 57 ойын өткізіп, -6 пайдалылық индексімен 41 (18+23) ұпай жинаған.
Вей жылына 50 миллион рубль, яғни 300 миллион теңгеге жуық жалақы алатын "Барыстың" ең көп алатын ойыншысы болды.
Бір қызығы, Найджел Доус та соңғы екі жыл бойы “Адлер Манхаймда” ойнаған еді.