Түркіменстан тұрғыны 8 наурызға қарай ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың атынан екі доллардан сыйлық береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
8 наурызға дейін Түркіменстан қыз-келіншектері 60 манат алады. Бұл мемлекеттік бағам бойынша шамамен 17,1 доллар немесе қара нарық бағамы бойынша 1,9 доллар. Бұл туралы ТЖҚ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлайды. Теңгеге шаққанда шамамен 800 теңге.
Ақшалай сыйлықтарды меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, зейнетақы, жәрдемақы және стипендия алатын әйелдер, сондай-ақ мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері алады.
Айта кетерлігі, үй шаруасындағы әйелдер мен жеке кәсіпкерлер екі доллар алмайды.
2020 жылы Түркіменстан әйелдеріне 60 манат берілген еді. Ол кезде бұл қаражат 3 долларды құраған.