Баланың жолдасын жеу дұрыс па? - дәрігер жауабы
Бүгінде жаңа туған сәбидің жолдасын жеу әйелдер арасында сәнге айналып барады. Ғылымда плацентография аталып кеткен бұл үрдіс қазақстандық қыз-келіншектер арасында да таныла бастаған. Баланың плацентасын жеу қаншалықты дұрыс? Мұның расында пайдасы бар ма? Бұл туралы отбасылық дәрігер Гаухар Жұматқызы айтып берді деп жазады kaz.nur.kz.
"Плацентаның негізгі міндеті ұрықты қоректендіру болып саналады және қан тамырлары арқылы ана мен баланы байланыстырады. Жүктілік кезінде жолдасы арқылы балаға оттегі барады. Ал әйел босанған соң қалыпты жағдайда 30 минуттан соң жолдасы да түседі. Осымен, плацентаның қызметі аяқталады. Бірақ қазіргі таңда баланың жолдасын жейтіндер шықты. Мұны адам денсаулығына пайдалы деуден гөрі, сән немесе бизнес дер едім. Әлемге танымал жұлдыздар да плацентадан жасалған капсулаларды жарнамалай бастады. Бірақ дәрігер ретінде баланың жолдасын жеудің айтарлықтай пайдасы жоқтығына назар аударғым келеді", - дейді Гаухар.
Дәрігердің айтуынша, ғылыми зерттеулеБүгінде жаңа туған сәбидің жолдасын жеу әйелдер арасында сәнге айналып барады. Ғылымда плацентография аталып кеткен бұл үрдіс қазақстандық қыз-келіншектер арасында да таныла бастаған. Баланың плацентасын жеу қаншалықты дұрыс? Мұның расында пайдасы бар ма? Бұл туралы отбасылық дәрігер Гаухар Жұматқызы айтып берді деп жазады kaz.nur.kz.
"Плацентаның негізгі міндеті ұрықты қоректендіру болып саналады және қан тамырлары арқылы ана мен баланы байланыстырады. Жүктілік кезінде жолдасы арқылы балаға оттегі барады. Ал әйел босанған соң қалыпты жағдайда 30 минуттан соң жолдасы да түседі. Осымен, плацентаның қызметі аяқталады. Бірақ қазіргі таңда баланың жолдасын жейтіндер шықты. Мұны адам денсаулығына пайдалы деуден гөрі, сән немесе бизнес дер едім. Әлемге танымал жұлдыздар да плацентадан жасалған капсулаларды жарнамалай бастады. Бірақ дәрігер ретінде баланың жолдасын жеудің айтарлықтай пайдасы жоқтығына назар аударғым келеді", - дейді Гаухар.
Дәрігердің айтуынша, ғылыми зерттеулер плацентаның әйел ағзасына қаншалықты пайдалы екенін дәлелдеген жоқ.
«Плацентаны жеп жүргендердің сөзінше, баланың жолдасы жаңа туған әйелдегі анемияның алдын алып, темір жетіспеушілігін реттейді екен. Сондай-ақ, жатырдың тез жиырылуына әкеліп, лактацияға әсер етеді деген тұжырымдары бар. Қайталап айтамын, мұның бәрі еш дәлелденбеген.
Жатырдың жиырылуына окситоцин гармоны, ана сүтінің көп болуына мидағы пролактин гармоны әсер етеді. Ғалымдар плацентаны жейтін және жемейтін әйелдер тобына зерттеу жасай келе, екі топтың қан құрамында ешқандай өзгеріс жоқтығын анықтаған. Ал шағын зерттеулердің негізсіз дәлелдеріне сенбеген дұрыс. Жас аналар өз ағзасына керекті басқа дәрумендерді жесе, еш қарсылығым жоқ. Ал баланың жолдасында көптеген инфекциялар болатынын да ұмытпау керек. Мейілінше, бұдан бас тартуға шақырамын", - дейді дәрігер.р плацентаның әйел ағзасына қаншалықты пайдалы екенін дәлелдеген жоқ.
«Плацентаны жеп жүргендердің сөзінше, баланың жолдасы жаңа туған әйелдегі анемияның алдын алып, темір жетіспеушілігін реттейді екен. Сондай-ақ, жатырдың тез жиырылуына әкеліп, лактацияға әсер етеді деген тұжырымдары бар. Қайталап айтамын, мұның бәрі еш дәлелденбеген.
Жатырдың жиырылуына окситоцин гармоны, ана сүтінің көп болуына мидағы пролактин гармоны әсер етеді. Ғалымдар плацентаны жейтін және жемейтін әйелдер тобына зерттеу жасай келе, екі топтың қан құрамында ешқандай өзгеріс жоқтығын анықтаған. Ал шағын зерттеулердің негізсіз дәлелдеріне сенбеген дұрыс. Жас аналар өз ағзасына керекті басқа дәрумендерді жесе, еш қарсылығым жоқ. Ал баланың жолдасында көптеген инфекциялар болатынын да ұмытпау керек. Мейілінше, бұдан бас тартуға шақырамын", - дейді дәрігер.