Балалар қауіп-қатерден толық қорғалмай келеді

Қазақстанда балалардың жолда және тұрмыста жарақаттану көрсеткіші азаймай отыр. Сондай-ақ ересектер тарапынан жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да тиісті деңгейде жүргізілмей келеді. Егер біз осы мәселені дер кезінде қолға алмасақ, болашақта салғырттықтың салдарынан бала өлімінің саны анағұрлым өсуі мүмкін. Бұл мәселелер Алматыда Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық Орталығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 600 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алады екен. Олардың ішінде 22 пайызы балалар болса, қалғаны — ересек азаматтар. Ал республика бойынша осындай қатерлі жағдайлардан кейін 22 мың адамның қайтыс болатыны анықталды. Тағы бір деректерге назар салайық, бүгінгі таңда түрлі жарақат салдарынан қайтыс болатындар саны басқа өлім-жітімдердің ішінде үшінші орында тұр. Бірақ балалардың арасында жарақаттан қайтыс болу көрсеткіші бірінші орынға шыққан. Бізде бес жасқа дейінгі балалар негізінен, тұрмыста жарақат алса, одан жоғары жастағылар жол оқиғасынан зардап шегеді. Алматы еліміздің ең үлкен мегаполисі саналатындықтан, мұнда жарақаттану оқиғасы басқа өңірлерге қарағанда үш есеге көп. Мамандардың сөзіне қарағанда, балалар жарақаттануының алдын алуға, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың жол үстіндегі тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ересектердің жеткілікті көңіл бөлмеуі, сондай-ақ жүргізушілердің жол үстінде салғырттық танытуы бала жарақаттануының негізгі себептері болып табылады. Жиынға қатысқан денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, жақында Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық Орталығының қолға алуымен қалада арнайы рейд жүргізілген. Соның нәтижесінде көптеген мектептерге жақын тұста ақпараттық сілтеулер, тыйым салу, ескерту, басқа да жол белгілерінің жоқтығы анықталды.

Гайнель УСАТАЕВА, Жарақатты сауықтыру және қауіпсіздікті нығайту орталығының директоры:
– Өзге елдерде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар, ұйымдар жұмыс істейді. Бізде де солардың әдіс-тәсілдерін өзімізге алып қолдануымыз керек. Мәселен, басқа халықтардың тәжірибесін қолдану арқылы Австралия соңғы жылдары бала жарақаттануын 60 пайызға қысқартқан. Айта берсек, бізде проблема өте көп. Қаламыздағы балалар ойнайтын аулалар кей жерде өте ескірген, ал кей жерлерде мүлдем жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста