Адамның өмірін сақтандыру — еуропалықтар үшін үйреншікті құбылыс.Ырым-тыйымды ұстанатын қазақтарға бұл жат болғанымен,адамның өмірін сақтандыратын компаниялар саны күн санап артып келеді. Оларға жүгінетін жандар да аз емес. Қатарында танымал жұлдыздар да бар.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Күйеуінен пышақ жарақатын алып, жан сақтап қалған Баян Есентаева өмірін сақтандырғысы келетіндігін айтты.
“Мен бір рет өліп, қайта тірілдім. Ол кезде өмірім сақтандырылмаған еді. Ол туралы енді ғана ойланып отырмын. Мен де өз өмірімді сақтандыратын шығармын. Негізі ондай мекемелерге ешқашан жүгінген емеспін. Біз ертең не болатынын ешқашан болжап біле алмаймыз ғой. Бірақ енді сақтандырамын”, – дейді Баян Есентаева