ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Атамоглановпен кездесті. Күн тәртібінде мемлекеттер арасында мәдени, спорт және туризм салаларындағы өзара ынтымақтастық тақырыбы болды.
«Әзірбайжанда қазақ мәдениеті күндерін өткізу талқыланды. Биыл 25-28 сәуір аралығында Бакуде бірқатар іс-шараны соның ішінде қазақстандық көрнекті орындаушылардың гала-концертін, Құрманғазы атандағы академиялық Қазақ ұлттықаспаптар оркестрінің концертін, біздің сәндік-қолтаңбалы өнеріміздің көрмесін және қазақстандық кино күндерін ұйымдастырғымыз келеді.
Мемлекет басшысы Әзірбайжанен мәдени байланыстарды нығайтуды тапсырды, сондықтан мұндай шараларболашақта тұрақты болуы тиіс.
Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары. Атамогланов мырза Бакуде «Тұран» этно-ансамблі мен «Қазына» ұлттық би ансамблінің концерттерін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ бірлескен киноматографиялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Өткен жылы Бакуде бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті, енді бірлескен фильмдер түсіру және киноиндустрия саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін пысықтағымыз келеді.
Спорт саласы бойынша да сөйлестік. Мысалы, бірлескен жарыстар өткізу және Әзірбайжан спортшыларының қазақстандық турнирлерге қатысуы және біздің спортшылардың Әзірбайжанда өтетін жарыстарға баруы талқыланды.
Екі елді ортақ және өте тығыз тарих байланыстырады. Біз берік қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтатын боламыз. Бұл жұмыстар мәдениет күндерін өткізумен шектелмейді.Мысалы биыл ТҮРКСОЙДЫҢ қамқорлығымен бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз» - дейді Асхат Оралов.