Ауыл статусын анықтаудың қазақстандық үлгісі керек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақты ауылсыз елестету қиын. Қазақ ауылымен ғана қазақ секілді... Алтын бесік атанған ауылдарымыз қазақтың мақтанышына айналған талай марқасқаларды дүниеге әкелген еді. Балаларымыз үш ай жазғы демалысында ауылға барып аунап-қунап, демалып қайтатын. Ауыл баланы қазақтығынан айырмайтын темірқазықтай көрінетін. Қыс басталса қала қазағы ауылдан соғымның етін күтетін. Бір кездері ауылдан қалаға тонналап жеміс-жидек, көкөніс, ет пен сүт тасылып, малдың жүні мен терісіне шейін бағаланып, мал басынан артық төл өсіруден жарысқа түсіп, «миллиардер ауыл» атанған ауылдарымыз да болып еді. Былайша айтқанда, ауылдарымыз қаланы асырап отыратын. Ал қазір...
Ауылдан қалаға ет пен сүт бұрынғыдай ағыл­майды. Малдың терісі мен жүні өр­те­ліп, желге ұшып, іріп-шіріп әр жерде жа­тыр. Қала қазағы ауылдан соғым етін де күт­пейді. Қала қазағының баласын ауылға де­малуға жіберу үрдісі де қалып барады. Се­бебі ауылдың барын бағалап, қадіріне же­те алмауымыздың салдарынан бүгінде ауыл­дарымыз жойылып барады. Мәселен, Сол­түстік Қазақстан облысында соңғы бес жыл­дың көлемінде аймақтың картасынан 48 ауыл жойылған. Бүгінгі күні Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша 700-дей елді ме­кен қалса, олардың әрбір оныншысы қа­зірдің өзінде «болашағы жоқ» деп та­нылған. Себебі мұндағы тұрғындар саны 50-ден аспайды. Ал кейбіреулерінде тіпті бір-екі адам ғана қалған. Ауыл тұрғындары азай­ған соң, жергілікті билік өкілдері бұл ауыл­дардағы аурухана, мектеп секілді ны­сан­дарды жауып тастаған. Шенеуніктер өз­дерінше «мұның бәрі аймақты дамыту бағ­дарламасының аясында жүзеге асы­ры­лу­да» деп жар салуда. Осындайда ба­ры­мыз­ды сақтап қалуға себеп бола алмай отыр­ған қандай аймақты дамыту бағ­дар­ла­масы деп еріксіз таңданасың.
Солтүстік Қазақстан облысы ғана емес, бо­­лашағы жоқ ауыл деп танылып, еліміздің картасынан сызылып тасталынып жатқан ауылдар басқа да облыстарымызда же­терлік. Мәселен, былтырғы жылы Қостанай облы­сында 20 елді мекен ресми түрде жабылса, жалпы, соңғы бес жыл ішінде Қос­танай облысы бойынша 127 ауыл жо­йылған. Ал Шығыс Қазақстан облы­сында 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бо­йынша 874 елді мекен тіркелсе, арада бес жыл өткеннен кейін 2010 жылдың 1 қаң­тарындағы мәлімет бо­йын­ша ауыл­дар­дың саны 785-ке дейін азай­ған. Яғни осы уа­қыт ішінде шығыс аймақтан 62 елді ме­кен жойылып кеткен. Айта кетерлігі, бұл об­лыстарда алдағы уақытта да жо­йы­лып, тізімнен шығарылуы тиіс ауылдар же­тер­лік көрінеді. Демек, ауылдардың жо­йы­луы осымен тоқталмақ емес...
­1993 жылы қабылданған «ҚР әкім­ші­лік-аумақтық құрылымы туралы» Заңға сәй­кес, тұрғындар саны 50-ден аз қалған ауылдар тізімнен қысқартылуы тиіс. Қашан да жоқтан бар жасаудан гөрі барды жоқ ете салу – оңай әдіс. Әзірге жергілікті билік мә­селені шешудің оңай жолы ауылдарды жабу деп түсінуде. Осылайша шаруасы шат­қаяқтап, жағдайы құлдыраған ауыл­дар­ды еш бас қатырмастан шетінен жа­бу­да. Тіпті дәл қазіргі таңда ауылдарды сақ­тап қалуға ешкім бас қатырып та отырған жоқ. Айта кетерлік жайт, жо­йылып жатқан ауыл­дардың ішінде өз ауылын жоюға қар­сылық танытып жат­қан­дар да жоқ емес. Мәселен, Ақмола облысының Бұ­лан­ды ау­данына қарасты Суворовка ауылы жа­былып қалуы мүмкін ауыл ретінде қа­рас­тырылған. Өйткені қазіргі таңда 60 шақты тұрғыны бар ауыл­дың өз бетінше өмір сүруіне «негіз жоқ» деп танылған. Бірақ ауылға үйреніскен жергі­лік­ті халықтың: «Егер ауыл жанынан өндіріс орын­дарын ашып, олардың жұмыс істеуіне мүм­кіндік берсе, ауылдан қалаға ешкім кет­пес еді. Балаларымыз қалаға барып, ба­зар­да ар­ба сүйрегенше, ауылдан тіршілік көзі ашыл­са, дұрыс болар еді», – деп шулағанына бүгінде құ­лақ асар ешкім болмай отыр.
Елбасымыз бір сөзінде: «Қазір жұ­мысты қа­ладан емес, ауылдан іздеу керек, дағ­дарыс жағдайында бізді асырайтын – ауыл», – деген еді. Алайда іс жүзінде мұн­дай ұтымды ше­шім­ді кәдеге асырар еш­кім табылмай отыр. Ауылдың мүм­кін­шілігін толықтай пай­да­ла­нуға ешкім де мүд­делі емес тәрізді. Аг­рар­лы ел бола тұ­ра, ауылшаруашылық өнім­де­рін ауыл­­да­ры­мыздан өндіріп, қалаға «дор­ба­лау­дан» гөрі шекараның арғы бетінен «ар­ба­лау­ды» жөн көріп алдық. Ауыл жастары да ауыл­да жұмыс болмағаннан кейін қалаға қарай ағы­луда. Ауылдан келген жасты қаланың қа­рық қылып жатқаны да шамалы. Ауыл жас­та­рының басым бөлігінің қаладағы қыз­меті ба­зарда арба сүйреп, құрылыс жұ­мыс­тарына жегілуден аспайды. Кейбір де­ректер бойынша соңғы 10-15 жылда ауылын тас­тап, қалаға көшiп кеткен ауыл­дық­тардың са­ны 2 мил­лион­ға жетiп жы­ғы­лады екен. Со­лардың бар­лы­ғы дерлік жұ­мыс­сыздықтан «алтын бе­сі­гінен» бе­зуде. Ауыл тұрғындарын атажұрттан ауа кө­шуіне тыйым салып, ауылды жойылудан сақ­­тап қалар бір шешім ойлап тап­пасақ, кү­ні ер­тең опық жеріміз анық.

Тасбай СИМАМБАЕВ, Сенат депутаты:
– Урбанизация кейбір мемлекеттерге керек болғанымен, біздің еліміз үшін қа­жет емес. Ең алдымен кең-байтақ жерімізді сақтап қалу үшін қазақты жерінен айыр­ма­уы­мыз керек. Осы орайда, ауылдарда атакәсіп – мал шаруашылығын дамытсақ, кең-бай­тақ жерімізді де, ауылдарымызды да сақтап қалуға әрі халқымызды құнарлы табиғи мал өнімімен қамтамасыз етуге жол ашылар еді. Бір жағынан, ауылдан қалаға қарай босқан халықты ауылдан жұмыс тауып тұрақтандыруға мүмкіндік туар еді. Сондықтан біз ауылдарды сақтап, мал шаруашылығын дамытуға ден қоюымыз қажет. Сондай-ақ Елбасының Жолдауында айтылғандай, ауылдардағы шағын бизнесті дамытуға да ден қойған жөн. Егер ауылдарымызды сақтап қала алмасақ, иесіз қалған жерлерімізге басқалар көз аларта бастайды. Ал бұл, айналып келгенде, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіпті. Оның үстіне, ауыл тұрғындары қалаға көшіп келгенімен де, қалада оларға жасалып отырған жағдай жоқ. Ауылдан көшіп келгендер қала шетіндегі саяжайларда тұрып, күнделікті ішіп-жемін әзер тауып жейді. Ал ауылда тұрса, бау-бақшаның көкөніс, жеміс-жидегі, малдың сүт-айраны мен құрт, ірімшігімен-ақ аш болмас еді. Сондықтан ретін тауып, ауыл тұрғындарын жылы орнынан суытпауға күш салған жөн.

Болатхан АЙНАКЕШОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
–  Ауылды сақтап қала алмауымыз біздің басты қателігіміз болмақ. Дұрыс пай­да­ла­на білсек, ауылдың мүмкіншілігі өте көп. Қазір біз ауылдарды жоюдан ұтылмасақ, түк те ұтып отырған жоқпыз. Сондықтан тез арада мемлекеттік бағдарлама жасалып, ауыл­дарды сақтап қалу, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, ауылдың жанынан ша­ғын өнеркәсіп орындарын ашу, сол арқылы келешекте ауыл қаланы асырайтындай мүм­кіндік жасасақ, өте дұрыс мемлекеттік шешім болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста