Ауыл шаруашылығы кешендері жаңа техникалармен толықты

Елбасы тапсырмасымен Алматыда азық-түлік белдеуін құру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында бірнеше жоспар бекітілген болатын. Кеше осы бастаманы іске асырып, одан әрі жетілдіру үшін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қаладағы бірнеше кешенге су жаңа техникаларын табыс етті.
5 КАМАЗ, 4 ЗИЛ көлігін салтанатты түр­де «Жетісу» корпорациясының директоры Арыстанбек Тәниев «Алтын Дала Жетісу Агро» ЖШС басшысына тапсырды. А.Тәниев­тің айтуынша, бұл – осы сала­дағы бағдарламаның бастамасы. Оның негізгі міндеті – Алматы облысының ауыл­ша­руашылық саласын қолдау, Алматы қаласы аймағында сауда-саттық белдеуін да­мытып, ауыл өнімдерінің бағасын тұрақ­тан­дыру болып табылады. Ұсынылған тех­никалар агроөнеркәсіп кешендеріне қай­та­рымсыз берілді. Оның есесіне, кәсіп­орын­дар халыққа ауыл шаруашылығы өнім­дерін арзан бағаға сатуды міндетке ал­ды. Бұл өнімдер елге «ЖетісуАгроСауда» ЖШС желісімен жеткізіліп отырмақшы. А.Тәниевтің пікірінше, осы жоспарды орын­дау арқылы біз өнім бағасын бір қа­лыпты ұстап отырамыз. Себебі бұл өнім­дер тұрғындарға делдалсыз, тікелей жет­­кізіледі. «Біздің корпорация арқылы халық отандық сапалы ауылшаруашылық өнімдерін арзан бағаға сатып ала алады. Аталған желі арқылы жеткізілетін тауарлар базар бағасынан 15-20 пайызға төмен болады», – дейді ол.
Қазіргі күні «Жетісу» корпорациясының мен­шігінде 22 сауда нысаны, екі комму­­налдық базар, 400-ге жуық дүкен т.б бір­неше нысандар бар. Корпорация сондай-ақ алдағы уақытта қалада мини­мар­кеттер санын көбейтуді жоспарлап отыр. Мекеме бас­шысының жоспарынша, ағым­дағы жыл­­дың соңына дейін ме­га­полисте осын­дай 30 сауда орны ашылады.
Бір жылда Алматы қаласының тұр­ғын­дары 78 375 тонна нан, 12 505 тон­на күріш, 441 000 тонна сүт, 21 900 тон­на пияз, 16 425 тонна сәбіз, 25 550 тон­на пияз, 16 425 тонна қияр өнімін пай­да­ла­нады екен. Сонымен бірге қала халқы бір жылда жалпы 785 мың тоннаның сауда-саттық тауарын тұтынады. Оған барлығы 2 млрд теңге шығын кетеді. Бұл Алматы қаласының бөлшек тауар айналымының 25 пайызын құрайды.
«Жасыратыны жоқ, бұл бұрын пай­­да­­­ланылған техникалар. Бірақ әлем­­ді жай­лаған дағдарыс кезінде мұ­­ның өзі үл­кен көмек. Егер қалған кем­ші­­лік­­тер бол­са, оны кәсіпорындармен бір­ле­сіп ше­шуге дайынбыз. Бүгінде ауыл ша­руа­шы­­лығындағы көп жерлер игерілмей, бос жа­тыр. Бұл көптеген қиыншылықтар тудырып отыр. Мәселен, ол біздің шетел импортына тәуел­ділігімізді арттырады. Сондықтан қазір осындай бағдарламаларды қабыл­дау маңызды», – деді А.Тәниев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста