Қазақстанда орныққан аяз Сібір антициклонының әсерінен туындаған. Ауа температурасы нормадан 7-12ºС төмен.
Алайда синоптиктер алдағы бірнеше күн ішінде ауа райының өзгеретінін болжауда. Циклон Орта жер теңізінің шығыс жағалауында қалыптасып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай 16 ақпанда жылжи бастайды, бірақ республиканың барлық аймақтарына тек жауын-шашын ғана емес, біраз жылу да алып келеді. Батыста түнде -13, -23-тен 3-8-ға дейін, кей жерлерде 11-160 аяз, солтүстік, шығыс пен орталықта 20-30-дан 17-25-ке дейін нөлден төмен, оңтүстік өңірлерде 0-50, кей жерлерде 10-150 нөлден төмен, Қызылорда облысында 10-150, кей жерлерінде 200 аяз болады.