«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша еліміздің басым бөлігінде күн жалғасты ысиды. Елдің батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Кей аймақтарда жел күшейеді. Батыста соққан жел шаңды дауылға ұласып, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы да мүмкін. Күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында күн қатты ысиды.
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары мен Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өрт қаупі бар.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.