Атышулы сот ісі бүгін қайта жалғасты

Бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған облыстық соттың судьясы  Айгүл Маштақова, «Кублей» ЖШС өкілдері мен сотқа шақырылған жауап берушілер және үшінші тараптың өкілдері қатысты. 

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында қатысушыларға сөз берді. «Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Судья шешім шығаруы тиіс болған. Бірақ қоғамдағы резонансқа байланысты сот шешім шығара алмаған.

«23 қара күні судья Жорабаев шешім шығарады деп үміттендік. Бірақ ол кеңесу бөлмесіне кетіп, ақыры  тараптарды татуласуға шақырды. Ол 23 қазанда шешім шығарып тастауы тиіс еді. Уақытты созды- созды. Оның әрекеті азаматтық процессуалдық іс жүргізуге сай емес. Жорабаев ҚР Азаматтық процессуалдық іс жүргізу кодексінің 273 бабын негізге алып, өзара ымыраға келуге шақырғанын айтты. Бұл жерде медиация бар, ымыра жоқ. Сондықтан мен  қалайша ымыра келу керектігін мүлдем елестете алмаймын және заңның талабы бұзылған деп санаймын. Өндірістік істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ. Ымыраға келу туралы қаулының күшін жойып, істі экономикалық соттың қарауына жіберуіңізді сұраймын», – деді «Кублей» ЖШС заңгері Жәнібек Башанов.


Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады.

«2022 жылғы 23 қарашадағы ұйғарым осы азаматтық іс бойынша өзгертілсін. Анықтаманың негізгі бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын, жеке шағымдар ішінара қанағаттандырылады. Ұйғарым жария етілген күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды Судьяның іс жүргізуді тоқтатқаны АІЖК 273 – бабының 7-бөлігіне сәйкес. Әріптестері мұны іс жүргізу нормаларын бұзу деп санамайды, өйткені соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқылы.  Сондықтан сот тараптарға дауды шешу үшін тағы да шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.  Бірақ АІЖК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес сот іс бойынша іс жүргізуді 273-баптың 7-бөлігіне сәйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Сондықтан 10 жұмыс күні аяқталды және мен тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуге келмегеніне көз жеткізгендіктен, мен іс бойынша өндірісті қайта бастауды талап етемін. Біз істі бірінші сатыдағы сотқа жібереміз, ол дауды мәні бойынша қайта бастауға және қарауға жатады. Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деді  БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Маштақова.

 Осы орайда еске сала кетсек, «Кублей» ЖШС өкілдері өндіріс аумағына жақын жерден заңсыз құрылыс нысандарын слауға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасын сотқа берген болатын. Әкімдіктің өкілдері 30 жылдық тарихы бар алып зауыттың жанынан тұрғын үй тұрғызуға не себепті рұқсат бергендерін нақты түсіндіре алмай келеді. Заңсыздықтың салдарынан зауыт жабылып қалған жағдайда, өндіріс орнындағы 700 адам жұмысыз қалса, тек БҚО 3,5 мыңға жуық ірі шаруа қожалықтары өсіріп отырған малдың етін өткізуден қағылмақ. Бүгінгі күні осыны айтып зауыт басшылары қанша шырылдағанымен тиісті жерлерге үнін жеткізе алмауда. Қоғам назарын аудартқан іс қазір қоғам бақылауында десек те болады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста