Атырауда параға торт алған полицейлер жұмыстан қуылды
Атырауда жүргізушіден тортты заңсыз алған полицейлерге шара қолданылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған. Көлігінің сақтандыру құжаты болмай, полицияға ұсталған атыраулық жүргізуші айыппұлдың орнына торт берген. Жол сақшысы тәтті парадан бас тартпаған. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
«Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды: оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсаны күні болған. Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының 2 қызметкері жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу