Атырауда миллиард теңгелік спорт алаңдарының құрылысы аяқталмай қалды

«Атырау қаласындағы орта мектептерге арналған спорт алаңдарының құрылысы» деп аталатын жобаны жүзеге асыру 2018 жылы басталған. Оның құны 1,3 млрд теңгені құрады, бірақ мердігер өзіне тиесілі соманың қомақты бөлігін ала отырып, белгісіз себептермен бүкіл жұмысты тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

 
Бұл ақпаратты қала әкімдігі де растады. Әкімдіктің мәліметінше,  тендерді әлдебір «Фирма Лан» ЖШС ұтып алып, 2020 жылдың күзіне қарай №4, 6, 8, 12, 18, 20, Алтынсарин, Құнанбаев, Нысанбаев атындағы және т.б. мектептердің – барлығы 25 оқу орнының спорт алаңдарын салуға міндеттелгені белгілі болды.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары 60 пайызға орындалды, бірақ аяқталмады. Мердігердің нысанды аяқсыз қалдыруының себептері белгісіз. Мердігердің әрекетіне орынды түсініктеме беру мүмкін емес», - делінген 2018-2020 жылдары мердігерге келісілген соманың көп бөлігін төрт траншпен төлеген әкімдіктің жауабында. Қалдық 645 млн теңгені құрады.
Одан әрі сот ісі басталып, шамасы «Фирма Лан» ЖШС-де «ақылға қонымды түсініктемелер» табылған болуы керек, сот әкімдіктің мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, ал құқық қорғаушылар «қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты» деген тұжырыммен басталған тергеу ісін тоқтатты.

Оның үстіне, өткен жылы «Фирма Лан» ЖШС өз кезегінде келісімшартқа қосымша келісімді қалпына келтіру туралы талаптарын қанағаттандырған әкімдіктің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Қосымша келісімшарт жасалған соң мердігер мекеме құрылыс жұмыстарына жұмылдыруды бастайды», - деп жауап берді қала әкімдігі алаңдарды кім аяқтайды деген сауалға.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста