Атырауда мемлекеттік мекемеге тиесілі құжаттар қоқыста жатыр (ВИДЕО)

Атырауда мемлекеттік мекемеге тиесілі құжаттар қоқыста жатыр (ВИДЕО)

 Атырауда мемлекеттік мекемеге тиесілі құжаттар қоқыста шашылып жатыр. Арасында қала тұрғындарының төлқұжаты, жүргізуші куәлігі тіпті табысы туралы анықтамалар бар, деп хабарлайды Астана арнасы.

Қалдықтар арасында жатқан бума-бума қағаздар ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да жүр. Бұл құжаттар арнайы қоқыс полигонында емес қалаға жақын Жайықтың жағасында жатыр. Дені, 2009-2011-ші жылдары басылған. Кейбір құжаттың жарамдылық мерзімі 2028-ші жылға дейін белгіленген екен. Бұл жеке құжаттарды мемлекеттік мекеме неге шашып тастаған? Жауапты кім және салғырттық танытқан қай мекеме? Бұл мәселені - полиция тергеуге алды. Ал, халыққа қызмет көрсету орталығы болса, құжаттар құпиялығы сақталуда, дегенді айтып отыр. 

  "Халықтың тапсырған құжаттарын  тиісті органдарға жеткізіп береміз. Тиісті  құжаттарды әр өкілетті орган өздері жояды. Әділет департаментімен бір ғимаратта болғандықтан,  қоқыс жәшігіміз бір жерде. Яғни бір жерден лақтырылады. Сонымен қатар құрылыс қоқыстары жатыр ғой қасында,  құрылыс қоқыстары орталыққа ешқандай қатысы жоқ. Әділет департаментінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығын қаперіңізге береміз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттің корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Тұрлан Нұржанов.

Әділет департаменті де өзіне шаң жуытар емес. Олар, халықпен тікелей жұмыс істемейтінін алға тартты. Дегенмен департамент ғимаратында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын мойындады. Бірақ, жөндеу жұмыстарының мұрағат бөліміне қатысы жоқ, көрінеді.

"Договорларымыз бар. Сол  договормен арнаулы автобаза алып кетіп отыр.  Біздің архивта ондай құжаттар сақталмайды. Юстиция дегенде төбе шашым тік тұрды. Қайдағы юстиция ол? Біз ремонт жасап жатқанда шығатын болса, құрылыс қоқыстары шығады тек қана", - деді Атырау облысы әділет департаментінің басшысы Аслан Кәрімов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста