Атырауда 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
№1 Атырау қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, қойма ішінен өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясын, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегіші ұрланғанын айтып арызданды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп көрсетті Атырау облыстық ПД.