Атырау облысында №2 облыстық аурухана мен Құрманғазин аудандық ауруханасы мемлекеттік сатып алулар бойынша көрсеткен қызметтері мен тауарларды жеткізгені үшін 64 кәсіпкерге 900 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық бұзушылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер мониторинг барысында анықтады.
“Департамент аталған медициналық мекемелерге мән-жайды анықтау үшін тиісті хат жолдады. Олар бүгінге дейін 13 кәсіпкерлік субъектісіне 54,6 млн теңге төледі”, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметін.
Өскеменде жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды
"Өмір бойы мүгедек болып қалды": Өскемендегі ЖЭО-да жұмыс істеп жүріп аяғынан айырылған ер адамға көмек керек
Бұған дейін ведомствоның хабарлауынша, мекеменің бірі азық-түлік жеткізу және климаттық жабдыққа қызмет көрсету бойынша қызмет көрсеткен кәсіпкерге ақша аударудан бас тартқан. Алайда ведомствоның араласуынан кейін кәсіпкерлердің өтініші толығымен қанағаттандырылды.