Астаналықтар МИҚ жұмысына көңілі толмай, басшылығын орнынан алып тастауға ниетті.
Астанада "Москва" тұрғын үй кешенінің тұрғындары меншік иелері қауымдастығына (МИҚ) қатысты мәселелерге байланысты жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 8 маусымда болған. "Москва" тұрғын үй кешенінің тұрғындары МИҚ проблемаларына байланысты жолды жауып тастады. Астаналықтар МИҚ жұмысына көңілі толмай, басшылығын орнынан алып тастауға ниетті.
Байқоңыр ауданы әкімдігі мәліметінше, бір топ адам жеңіліске ұшыраған МИҚ (КСК) тарапын қолдап, жолды жауып тастаған. Құқық бұзушыларға әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылады.
"Азаматтарды заңды қатаң сақтауға шақырамыз: заңсыз әрекеттерге қатыспау, арандатушылыққа бой алдырмау, қарама-қарсы екі МИҚ-тың сіздерді өз мүддесіне пайдалануға жол бермеу. Құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қолданады. Естеріңізге сала кетейік, барлық мәселе тек құқықтық салада шешілуі тиіс", - деді қала әкімдігі өкілдері.