Астанада Qogam Fest жастар жобасы басталды

Жобаның мақсаты – түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастарына арнап бірлік пен келісім қағидаттарына негізделген бірыңғай мәдени кеңістік жасау, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараға хип-хопперлер, көше бишілері (брейк-дансерлер), футбол фристайлының, стритболдың өкілдері, паркуристер және т. б. қатысты.

 

Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.

 

 Сурет: Qogam Fest

 

Министр: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек" дегені белгілі.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.

 

Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.

 

Елімізде қалыптасқан бірлік пен келісім негіздері жастар үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді.

 

Сурет: Qogam Fest

 

Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді.

 

Сурет: Qogam Fest

 

18 желтоқсан күні сағат 19.00-де жеңімпаздарды марапаттау және фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста