Астанада көпір опырылды

Әлеуметтік желіде елордадағы Алаш тасжолында орналасқан көпірдің жарылғаны туралы ақпарат тарады. Болған жайтқа қатысты Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алаш тасжолындағы "бүкір көпір" бұған дейін апатты деп танылған еді. Осыған байланысты жол өтпесінің оң жақ бөлігі жөнделіп, қозғалыс 2022 жылы жазда ашылды.

Көлденең асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы жол өтпесінің жөнделмеген тұсы – сол жақ бөлігінде орын алды. Осы орайда жол белгілері қойылып, учаскені қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр", –  делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ хабарламада айтылғандай жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталысымен қозғалысты қалпына келтіру үшін жол өтпесінің сол жақ бөлігін жабу жоспарланған.

"Көпірдің зақымдануын ескере отырып, жол өтпесінің сол жағымен автокөлік қозғалысы уақытша жабылады. Дегенмен көлік құралдары үшін көпірдің екі жақ бөлігімен де қозғалыс қамтамасыз етіледі", – дейді басқармадан.

Қоса кетсек, "Ikomek" орталығының әлеуметтік желідегі жауабында жол төсемін қалпына келтіру жұмысы 15 қаңтарға дейін жүргізілетіні айтылған.

Еске сала кетейік, 2020 жылы аталған көпір опырылып құлаған болатын.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста