Астана экономикалық форумы әлемдік мәселелерді талқылады

Астанада екі күн қатарынан Астана халықаралық экономикалық форумы өтті. Өзекті жаһандық мәселелердің практикалық және тиімді шешімдерін табуда ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды іс-шараға "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС және оның "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы ресми серіктес ретінде қолдау көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Форумның бірінші күнінде пленарлық сессияға қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономиканың қазіргі жай-күйі мен өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасу үшін аталған форумның маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен қазіргі заман өркениетінің сын-қатерлеріне назар аударып, Астана халықаралық форумы миссиясының бес негізгі міндетіне тоқталды. 

“Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан сенімді сауда-экономикалық серіктес ретінде Орталық Азияның экономикалық локомотиві рөлін атқарып отыр. Осы орайда бұл  форум ортақ мәселелерді шешуге, сондай-ақ әріптестікті, даму мен прогресті ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенім білдіремін және жиынға қатысушыларға табыс тілеймін” , – деді Президент.

Аталған халықаралық форумның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген көптеген серіктестің ішінде "Қазақмыс" корпорациясы мен оның "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы форум аясында өзінің стендін келушілер назарына ұсынды. Бір айта кетерлігі, мыс алыбы саналатын корпорация әлеуметтік проблемаларды шешуге ерікті түрде атсалысу тәжірибесін қағидаға айналдырған. Осы мақсатта 22 жыл бұрын құрылған "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы" бүгінде сақтандыру нарығындағы көшбасшыға айналып, халықаралық деңгейдегі талаптарға сай қызмет етуде. 

“Біздің компания сақтандырудың бірқатар түрлері, атап айтқанда, қайғылы жағдайлар тәуекелі, түрлі қауіптер, теңіз көлігінен болатын жайттардан сақтандыруда алдыңғы орында тұр. Сондай-ақ нарықтың үлесінен 9 пайызға сыйақы жинау бойынша қызмет атқарады. Сол сияқты мүлікті және әуе көлігін сақтандыру бойынша кәсіби жауапкершілік жағынан да маңызға ие қазіргі қаржылық рейтингімізге халықаралық Fitch Ratings рейтингісі беріліп, яғни "ВВ" тұрақты деген мәртебеге ие болдық”, – дейді "Қазақмыс" Басқарма Төрайымының орынбасары Иззат Мухамедов.

Айтуынша, 2021 жылы Forbes Kazakhstan нақты коммерциялық сақтандыру ісімен айналысатын коммерциялық сақтандыру компанияларының рейтингін жүргізіп, соның нәтижесі бойынша компанияны №1 орында деп бағалаған. 

“Бізді нарық көшбасшысы деп атады. Сондай-ақ компаниямыз халықаралық сақтандыру ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді, яғни AIG, NUFIC, INI, IF P&C Starr Insurance Companies деген компаниялардың эксклюзивті серіктесі болып саналады. Одан бөлек, 3 жыл бұрын барлық нарықты қамту үшін KM Life компаниясын құрдық. Қазіргі таңда бұл көшбасшы орындағы қарқынды дамып жатқан компания”, - дейді “Қазақмыс” СК-ның Басқарма Төрайымының орынбасары Иззат Мухамедов.

Компанияда былтыр 1 тамыздан бастап жұмысшылар мен олардың отбасыларына арналған ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама "Қазақмыс" сақтандыру компаниясымен бірлесе отырып қолға алынып отыр және ол зиянды жұмыс жағдайында еңбек ететін жұмысшылар үшін ғана қолжетімді. Оған қоса, бұл жасы мен санына қарамастан, жұмысшылардың отбасы мүшелерін  қоса тіркеу мүмкіндін қамтиды. Жұмысшылардың отбасына жедел жәрдем, амбулаториялық және стационарлық ем, стоматологиялық қызмет алу, отбасылық дәрігерді үйге шақырту, дәрілермен қамту секілді медициналық қызметтер көрсетіледі. 

“Бүгінгі таңда бізде бизнесті дамытудың екі спекторы бар, біріншісі – әлеуметтік бағыт және екіншісі – жасыл экономика жобалары. Соның ішінде компания дамуының маңызды секторы – әлеуметтік бағыт. "Қазақмыстың" әлеуметтік жауапкершілік бойынша басым бағыттарының бірі – қызметкерлерге қамқорлық жасау. Қазіргі таңда бізде  110 мыңнан астам адам сақтандырылған. Екінші бағыт - жасыл экономика саласындағы жобаларды сақтандыруды жүзеге асыруда да көшбасшы орындамыз. Біз бұған өте үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Аз уақыттың ішінде жасыл энергетика саласында қаржылық қорғау бойынша сақтандыруда 50-ден астам келісімшартқа қол қойып, бүгінгі таңда осы салада жұмыс істейтін 30-дан астам компаниялармен бірлесе қарқынды жұмыс жүргізіп келеміз. Күн, жел энергетикасы бойынша күн, жел және гидроэлектр стансалар қызметін сақтандыруда алғы шептеміз. Алдағы уақытта клиенттеріміз бен серіктестеріміздің санын көбейтіп, қызмет аясын ұлғайтуды көздейміз”, - дейді “Қазақмыс” СК және “KM Life” ӨСК-ның.  

Сондай-ақ ол елордадағы халықаралық маңызды форумға серіктес ретінде қолдау білдіріп, іс-шараның өтуіне үлес қосқанын компания қызметкерлеріне алғыс айтты.

“Астана төрінде дәстүрлі түрде өтетін бұл форум ұйымдастыру деңгейі мен іскерлік қарым-қатынас сипатымен баршаны таңқалдырады. Бұл жолы да ол  халықаралық деңгейдегі ұйымдар өкілдерінің, шетелдік қонақтарымыздың көңілінен шығып, еліміздің абыройын асқақтатты. Осындай ірі іс-шараның бір бөлігі болғанымызға қуанамыз. Форум еліміздің одан әрі дамуына оң ықпал етері сөзсіз”, – дейді Ә. Қасымова. 

Расында әлемде туындаған көптеген жаһандық өзекті мәселелерді бірлесе шешуге зор мүмкіндік беретін диалог алаңына айналған форум жоғары деңгейде өтті. Өз кезегінде сақтандыру нарығындағы қаржы секторының өкілдері ретінде "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы мен "КМ Life" өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстанның стратегиялық дамуындағы осындай маңызды жобаларды сәтті жүзеге асыруға өз үлесін қоса береді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста