Астана әуежайына Қазақстан азаматтары мінген арнайы рейс қонды
Астана әуежайына Қазақстан Республикасының азаматтары мінген арнайы рейс қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұшақ бортында 16 қазақстандық болған.
Қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласының орталығында іздеу жұмыстарын бастап кетті.
Бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия Республикасына елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеру үшін шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын.
Түркияға 41 адамнан тұратын топ барды, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан бөлек, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де бар. Оларды Газиантепте Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің өкілдері қарсы алды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келген бойда техника мен құрал-жабдықтарды түсіріп алған.