Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін алдағы үш күннің ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш қаласындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Астанадағы ауа райы болжамы:

 

10 ақпан: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -13...-15°C.

 

11 ақпан: бұлтты, ауық-ауық қар жауады. Оңтүстік-шығыстан күші 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -13...-15°C.

 

12 ақпан: бұлтты, ара-тұра қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°C, күндіз -12...-14°C.

 

Алматыдағы ауа райы болжамы:

 

10 ақпан: көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жауын-шашын (көбінесе қар), тұман,  көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...-3°C.

 

11 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады. Ауық-ауық тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, -3...-5°C.

 

12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, -2...-4°C.

 

Шымкенттегі ауа райы болжамы:

 

10 ақпан: бұлтты, қар жауады, түнде кей жерлерде қатты қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C.

 

11 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз 0...-2°C.

 

12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста