Әскеридің өлім алдындағы хаты делінген жазба жарияланды

Әскеридің өлім алдындағы хаты делінген жазба жарияланды

Интернетте Астанада автокөлік жарылысы кезінде қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың өлім алдындағы жазбасы делінген хат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықовтікі делінген хатта екі фамилия аталады. Мәтінде: "Менің басқа амалым қалған жоқ, бұл қорлыққа одан әрі төзе алмаймын. (...) Оларды қалайда жазалайды және адамдармен жұмыс істеуден шеттетеді деп үміттенемін, бірақ мен оны көре алмаймын", - делінген. Айта кетейік, оқиға орнынан өлім алдында жазылған хаттың табылғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік 10 ақпан күні күндіз жарылды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Арман Сыздықовтың Қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасында жұмыс істегені белгілі болды. Куәгерлер марқұмның қолында гранатаның мұрындығы болғанын көргенін айтты.

Tengrinews.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста