Ақтөбелік археологтар қазба жұмысы кезінде бірегей заттарды тапты

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологтары Қурайлы-3 қорымында қазба жұмысын жүргізіп жатып, бірегей заттар тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өткен ғасырдың 70-жылдары дәл осы қорымда қазба жұмысы жүргізілген. Бұл археологтардың кезекті жұмысы.

 

«Қорым Елек өзінінің сол жағалауында орналасқан. Қалаға жақын дегенмен Мәртөк ауданының аумағына кіреді. Шамамен б.з.д VI ғасырдың ортасы мен V ғасырдың басына жатады. Яғни, 2 400-2 500 жыл бұрынғы ескерткіш деп айтуға болады. Қорымда сол кездері Електі бойлай көшкен сарматтар жерленген. Билеуші элитаға тән белгілері бар. Қазба жұмыстары кезінде бір отбасы жерленген деп топшаладық. 8 адамның сүйегі табылды. Көбі ер адам. Сүйек қасық, темірден жасалған қанжар мен қылыш, қоладан жасалған жебе ұшы бар. Бір ерекшелігі - табылған заттар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Тіпті кейбірі археологияда алғаш рет табылды. Негізгі сүйек жанында балалар, жасөспірімдер, әйелдер жерленген. Тастан жасалған жәдігер де бар. Бірінде қасқырдың басы бейнеленген. Қола айна, алтын сырға, сақина, қыштан жасалған ыдыстар табылды»,- деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, археолог Аслан Мамедов.

 

 

Оның айтуынша, жерлеу дәстүр өзге. Кейбірінде бір, екіншісінде 3-4 адам сүйегі жатыр.

 

Сонымен бірге ат әбзелдері сирек те болса да кездеседі.

 

 

«Қанжар, әшекей бұйымдар да таңқалдырды. Әшекейлері әдемі. Темірден жасалған құрбандық шалатын ыдыс та бар», - деді археолог.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста