Ақтөбеде үш балалы келіншек өмірге үшем әкелді (фото)
Ақтөбеде үшем дүниеге келді. Осылайша бұрыннан үш баласы бар жас шаңырақ көп балалы болып шыға келді деп жазады Керек-инфо.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Инара Көбенова 26 қазан күні өмірге үшем алып келді. Үшемдердің екеуі ер бала, біреуі қыз. Өмірге інісі мен қарындасынан бұрын келген ер баланың салмағы 1 келі 900 грамм. Ал оның інісінің салмағы өзінен 100 грамм жеңіл. Қыз баланың салмағы 1,5 келі ғана.
“Үшем өмірге 8 айлық болып келді. Ай-күні жетпей туғандықтан балалар алғашында әлсіз болған еді. Қазір жағдайлары бірқалыпты”-дейді босану бөлімінің меңгерушісі Анар Әмірқұлова.
Өмірге үшем алып келген Инараның жасы 27-де. Жас ананың осыған дейін екі қызы мен бір ұлы бар болатын. Енді жолдасы екеуі алты баланың ата-анасы атанып отыр.
nur.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу