Ақтөбеде полиция қызметкерінің атынан несие рәсімдеп, ақшасын тартып алған азаматтар сотталды
Үш бопсалаушы полицейді алдап кеткені үшін сот алдында істі болды. Полиция қызметкері такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге бел буып, оларды 500 теңгеге банк бөлімшесіне апарады. Бірақ олар келгеннен кейін төлеуден бас тартқан. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айыпталушылар оның қызметтік куәлігін алып кеткен, содан кейін оны қорқытып, ақша талап еткен.
“Клиенттер полицейден куәліктен бөлек телефонын тартып алып, банктік қосымшаға кіріп, оның атынан 50 мың теңгеге онлайн несие рәсімдеген.
Сосын банкоматтан ақша алуға мәжбүрлеп, алып кеткен. Олар куәлікті полицейге қайтарып берді”, – деп жазады басылым.
Бопсалаушылар сотта кінәларын мойындады. Сот 32 жастағы екі азаматты 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Олар жазасын үйде өтейтін болады. Ал бұрын сотты болған үшінші азамат тағы үш жарым жыл отыруға тура келеді.