Ақтөбеде топтық төбелестен бір оқушы көз жұмды. Оқиға мұз айдынында болған, деп жазады Қазақпарат.
Ақтөбенің Шалқар ауданында бір топ бала төбелесті. Жанжалдың неден туғаны белгісіз. Біріне әлдеқандай зат сұғылған соң жарақат алған. Дәрігер шақырмастан баланы ауруханаға өздері жеткізген. Оқушы көп қан жоғалтып, мерт болды.
“Бізге әкелгенде ауыр күйде болды. Көп қан кеткен. Көмек көрсетілмеген. Әлдақандай заттан жарағат алған. Оқушы есін жимастан қаза болды”, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.
Өңірлік полиция департаменті оқиғаға қатысты дүйсенбі күні пікір білдіреді.
Stan.kz