Ақтөбе облысында “STOP-трафик” іс-шарасы кезінде 12 жезөкше мен екі сутенер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21-27 ақпан аралығында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “ЅТОР трафик” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды.
Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз адамдарды еңбекке қанау, ұрлау, қылмыстарды ашу мақсатында полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сондай-ақ шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс нысандарын тексерді.
Жалпы жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде, қоғамдық орындарда тиісудің 53, адам саудасының бір дерегі мен жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысқан бір орын анықталды.
Сондай-ақ, екі сутенер мен 12 жезөкше анықталып, есепке алынды.