Ақтөбе облысында 10 ауыл арақ-шараптан бас тартқан

Ақтөбе облысының 10 ауылында екі жылдың ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы өңір әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ералы Тоғжановтың айтуынша, өңірде «Қауіпсіз ауыл» атты жоба қолға алынған. «Қауіпсіз ауыл» бағдарламасының аясында Ақтөбе облысында 10 ауыл арақ-шараптан бас тартқан. Ал «ішімдік болмаған жерде қылмыс жасалмайтыны анық» дейді Ералы Тоғжанов. Әкімдік ауылдардағы ақсақалдар алқасымен бірлесіп, бірқатар игі істер атқарған. Аймақ басшысының сөзінше «бұл бастаманың мәнін әр адам түсінсе, қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендер еді» дейді.

«Арақ ішпеу, темекі шекпеу сияқты мәселелер насихатталып жатыр. Бізде қазір қылмыс жасалмайтын 10 ауыл бар. Екі жылдың ішінде мүлде қылмыс болмаған. Қылмыс жасалмаған жерде «Қауіпсіз ауыл» болатыны белгілі. Сондықтан жыл аяғына дейін 60 ауылды осы жобаға қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Енді, қолымыздан келгенше көреміз», - деді аймақ басшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста