Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы диспетчерлік бөліміне 7 наурыз сағат 11:40-та хабарлама түскен.
Дәрігерлер келгенше әйел адам ес-түзсіз жатқан. Жарты сағат бойы ақ халаттылар реанимациялық іс-шаралар жүргізген. Алайда 47 минуттан кейін мұғалім көз жұмған.
Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтің сөзінше, әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
"Өлімнің сеебебі тексерістен соң анықталатын болады. Жансақтау шаралары нәтиже бермеді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, марқұм бірнеше күннен бері қан қысымының көтеріліп жүргендігі туралы айтқан. Ол диспансерлік есепте тұрмаған және дәрігердің көмегіне жүгінбеген", - дейді Рахымжан Елтаев.