Ақсақалдар алқасы қоғамдық институт ретінде неге қайта құрылмайды?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы. Әдеттің де озығы мен тозығы болады. Ата жосығынсыз бос қалған қазіргі уақытта «сауысқанға бақ берсе, бүркіт қызмет қыладының» керін кешіп отырмыз. Әттеген-айы сол – озығымызды төрге шығарып, барды бағалай алмай келеміз.  Сондықтан да «өзіміз өз болғалы, сөзіміз бөз болғалы» деп ауыз толтыра айта алмаймыз.
Бүйректен сирақ шығарып отырған жоқпыз. Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің сақталуын, ұрпақ сабақтастығын көргіміз келсе, кеше кеңес кезінде күре­сінге шығарылған құндылықтарымызды қайта аршып алуы­мыз керек. Соның бірі һәм бірегейі – Ақсақалдар алқа­сы. Өзге өңірлерді білмейміз, бірақ Қарағанды айма­ғында өз алдына заңды тұрғыда  бір қауым болып, ата дәстүрден тамыр тартып, қоғамдық институт рөлін ат­қару­шы – жалғыз-ақ  Теміртау қаласындағы ақсақалдар алқа­сы. Қоғамдық бірлестік негізінде құрылған ұйымды ел іші Ақсақалдар алқасы дейді (заңды атауы «Халық бір­лігі, салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы үшін» қоғам­дық бірлестігі). Ана тіліміздің, діліміз бен діні­міз­­дің тағдырына бірден-бір шағын шаһарда бас ауыр­тып отырған да – осы ақсақалдар. Билік пен бұ­қараның арасындағы алтын көпір. Қандай да бір билікке қа­тысты іс-шара болсын ең алдымен жұрт Ақсақалдар ал­қа­сына жүгінеді. Ал ақсақалдар өз тарапынан биліктің бұ­ған қолдау көрсетуіне түрткі болып келеді.
Қазақтың ақсақалын аса құрметтеген дәстүрін ұғын­ған өзге ұлтты шенеуніктердің өзі қолында билік­тің бишігі бола тұрса да, осы күні бұл ақ­сақал­дардың айтқа­нын жерге тастамайды. Соның арқасында бүгінде қаза­ғы небары 30 пайызға жетер-жетпес шағын қалада ұлт­тық мүддеге қатысты қыруар шаруа атқарылды.
Жасыратыны жоқ, асыра мақатағаны­мыз емес, Ақсақалдар алқасының салмағы Ардагерлер кеңесінен әлдеқайда басым болып тұр. Сөйтіп, бұл арада екі қоянды бір оқпен атып алып отыр. Дәстүр де бар, сабақтастық та бар. Сондықтан Ақсақалдар алқасы  институты өмірге қайта оралса, қо­ғам­да берік орнын тапса, ұтарымыз көп...
Қарағанды облысы болғанда, кәдімгі орысы сыңсып тұрған Теміртауда ат төбе­лін­­дей қазақтың  ақсақалдары айды ас­пан­ға бір-ақ шығарған-ды. Содан бері ат­­тай он жыл өтті. 10 жыл ішінде Ақсақал­дар ал­қасын жұрт танып болды. Бұл күнде иіліп сә­лем салмаса да, алдынан кесіп өтпейді, сөзі жетім қалған кезі жоқ. Ақса­қал­дар өт­кен уақыт ішінде Теміртауда қа­зақ мекте­бі­нің ашылуына, қазақ тілінде ра­дио тора­бы­ның хабар таратуына, «Қазақ тілі» қо­ғамының құрылуына, қазақтілді бас­па­с­өз шығарылуына мұрындық болды.
Ақсақалдар алқасы туралы тарих не дейді?
Қазақ үлкенінің қадірлісін ақсақал деп әспеттеген. Қазақтың қаншама ғасырлар иінінде қалыптасқан әдет-ғұрпы – қашан- да халықтың рухани азығы, қажеттi мұра­сы. Оны халық өмiрiнiң айнасы десе бол­ған­дай. Әдет-ғұрыптан бастау алатын ақ­са­қалдар алқасы институтының қазақ қоға­мындағы орны етене бөлек, маңызы ай­рық­ша еді. Төртеу түгел, бесеу бүтін бол­сын дейтін ол қоғамның ұйымдық қа­жеті үшiн құрылып, қала берді өмiр заңды­лы­ғы, ел ішінде болып жататын құбылыс­та­рын жiтi аңдап пайымдап отыру үшін құрылды. 
Алқа мүшелігіне танымы кең, тәжі­ри­бесі мол, табиғи жаратылыстың, саясаттың сыры­на қанық, қоғамдық дамудың сан үрдiстерiнен хабары бар адам ғана сайлана алды. Аузы дуалы дейтін тектілер де осылардың қатарында. Бұл ел басқару­дағы қазақ халқының өзіндiк далалық де­мократияның жарқын үлгісі еді. Жалпы, көш­пелілер даласы өзiне тән ерекшелiгi бар, өзiн тұтастай сақтап қалған кеңiстiк-тін. Бұл кеңiстiкте өзгеше бiр «реттеу жүйе­сi» қалыптасқан. Яғни онда өзiн-өзi реттеп отыратын арнайы қоғамдық-құрылымдық жүйе болды. Ауылды – ақсақал, аймақты – би, ұлысты – сұлтан, жүзді – хан, жүздер­ді қаған басқарды. Бұл іргесі берiк жүйе­лер едi. Осылайша, ақсақалдар алқасын ауыл ұстынындағы билер кеңесінің бір кө­рі­нісі еді деп дәйектей аламыз.
Заңгерлер құлағына – алтын сырға
Бұл жүйе уақыт ағысына iлесе алмады. Заң­герлер құлағына – алтын сырға, өкi­нiш­ке қарай, осы кезге дейiн бұл мәселе ерек­ше бөлек ғылым нысаны ретiнде қа­рал­май жүр, қаралса – атүстi қаралып кел­дi. Басқаша айтқанда, оның ұлттық, мем­ле­кеттік құрылым мәдениетiнiң өзегi екен­дігіне, ұлттық болмысымызда мұның ық­палы зор болғандығына мән берiлмей кел­едi. Өйткенi кешегі кеңестік кезеңде қа­зақтың әдет-ғұрпылық таным-түсінігі тап­тық тұрғыдан бағаланып, ескiлiктiң сар­қыншағы ретiнде өмiрден аласталды. Әйт­се де кей деректер қазақтың әдет құ­қы­ғы, көшпелі қоғам үлгісі үстiмiздегi ға­сыр­дың 30-жылдарына дейiн өмiр сүрге­нін растайды.
Ілияс  БАЙМҰРЗИН, Ақсақалдар алқасының төрағасы:
– Алдағы желтоқсан айында қалалық ақсақалдар алқасына он жыл толғалы отыр. 2002 жылы қаламыздың белгілі кәсіпкері Асқар Сәрсекеновтің ұйытқы болуымен «Халық бірлігі, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы үшін» қоғамдық бірлестігі болып құрылған еді. (Алғашқы төрағасы марқұм (үш жыл бұрын қайтыс болды) Мұқатай Әмірханов).

Аты айтып тұрғандай, қаламызда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың қайта жаңғыруына, күрмеуі қиын ана тіліміздің жай-күйіне байланысты, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге орай талай іс-шараларды өткізіп келеміз. Мұсылмандар зиратына жаңа жер алу, қалада мешіттің  салынып ашылуы секілді айтулы жұмыстарда ақсақалдар алқасы­ның қолтаңбасы бар.
Осындай тұрғыдан алғанда, әдет құқығының қайта жаңғыруының мүмкiндiгi бүгiнгi күннiң шындығымен астасады.  Iс жүзiнде республика заңдары арасында тек Азаматтық кодекстiң жалпы бөлiмiнде ғана: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмейтiн әдет-ғұрыптармен, соның iшiнде iскерлiк өрiсiндегi әдет-ғұрыптармен реттелуi мүмкiн» деген жолдар кездеседi. Ендеше, халықтық ғұрыптың бiр саласы делiнетiн Ақсақалдар алқасының да болашақтан алатын орны ерекше. Демек, бұл – баршамыз әлі де болса мықтап ойлануды қажет ететін келелі мәселе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста