Ақмола облысында комбайндар өндірісі 2,5 есе, тракторлар өндірісі 1,5 есе өскен

Ақмола облысында комбайндар өндірісі 2,5 есе, тракторлар өндірісі 1,5 есе өскен

Биыл қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп салалары серпінінің жоғары деңгейіне қол жеткізілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 15% өсіммен 550 млрд теңгеден астам өнім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Базалық салаларда – металлургия, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіруде өсім қамтамасыз етілді.

Спикердің айтуынша, облыста комбайндар өндірісі 2,5 есе, тракторлар өндірісі 1,5 есе өсті. Өңделмеген алтын өндірісі 37%-ға өсті.

«Өсім өткен жылы жаңа өндірістік қуаттарды енгізумен өнеркәсіптік әлеуетті ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Біз 261 млрд теңгеге 163 жобаны іске асырып, 3.5 мың жаңа жұмыс орнын аштық», – деді өңір басшысы.
Облыс үшін ең маңызды нысандардың ішінде әкім алтын өндіретін фабриканы, кірпіш зауытын, кен өңдеуге бейімделген фабриканы атады. Биыл жоспарланып отырған жобалардың ішінде жел станциясының бірінші кезегін және Макинск құс фабрикасының үшінші кезегін салу, қуаты 5 МВТ биогаз зауытын салу және басқа да өндірістер бар.

«Өткен жылы тауар өндірісі көлемінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізілді, ол 1,5 трлн теңгеден асты. Биыл біз бұл межеден өтуге ниеттіміз», – деді Е.Маржықпаев.
Өңір басшысы атап өткендей, облыс 15% үлесімен тауық жұмыртқасын өндіру бойынша республикада бірінші орынға шықты. Сондай-ақ облыс ет өңдеу көлемі бойынша екінші, сүт өндіру бойынша үшінші, сары май мен ұн бойынша төртінші орында. Өткен жылы астық экспортының көлемі 2,2 млн тоннаны құрады. Облыс АӨК өнімдерінің 46 пайызын таяу және қиыр шетелге жөнелтеді.

«Біз азық-түлікпен өзімізді өзіміз қамтамасыз ету мәселелерін шешеміз және азық-түлік белдеуі аясында облыс пен Астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», – деп сендірді облыс әкімі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста