«Ақбұлақтың» берері көп

Су тіршілік көзі ғана емес, ол – ұлттық қауіпсіздік. Себебі еліміз бойынша суды жеткізетін құбырлар мен қоймалар, жерасты су қорлары стратегиялық маңызды нысандар болып саналады. Тә­уел­сіздік алғанда мемлекет халықты ішер сумен қамтамасыз ету үшін «Ауызсу» бағдарламасын бекітті. Жоба 2010 жылы аяқталды. Одан кейін Үкімет «Ақбұлақ» бағдарламасын қолға алды.
2011-2020 жылдарға арналған бағ­дар­лама бес мыңға жуық елді мекеннің төрт млн тұрғынын ауызсумен қамтуды көздейді. Ол үшін республикалық һәм жер­гілікті қазынадан 1 триллион 273 миллион 859 мың теңге шығын қарастырылыпты. Соның ішінде Маңғыстау облысына мем­лекеттік бағдарламаның берері көп. Маңғыс­таулықтар үшін судың қадірі сары алтын­ға теңесіп тұр десек, артық айтқан­дық емес. Маңғаз даланың ең бірінші ерек­шелігі – мұнда су көздері өте тапшы, бар суының өзі ащы болып келеді. Сондық­тан «Ақбұлақ» стратегиялық жобасы ая­сын­да елдегі сумен жабдықтау жүйелері қай­та жарақтандырылып, сумен жабдық­тау нысандары салынатын болады. Ең бас­тысы, сапалы ауызсуға елдің ерні тиеді. Бағ­дарлама арқасында 2020 жылға қарай қа­лаларды – 100 пайыз, ал ауылдарды 80 пайыз орталықтандырылған сумен жаб­дық­тау көзделіпті.
Өткен жылы Маңғыстаудың көптеген ауылында ауыз­сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Атап айтқанда, Бей­неу ауданы Боранкөл ауылы, Маңғыс­тау облысының Аққұдық ауылы, Қарақия ауда­нында Құланды ауылы, Мұнайшы ауылы және Же­тібай стансысында су құ­быр­­ларының құрылыстары жүрді. Сондай-ақ Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр, Ұштаған, Онды ауылдары, Түпқараған ау­да­нының Таушық елді мекенінде, Жаңаөзен қала­сындағы шағынаудандар мен Теңге ауы­лын­да сумен қамтамасыз ету жүйеле­рін­ің құрылысы жүргізілді. Осы құрылыс­тар­дың көбі биыл аяқталатын болады. Соны­мен қатар  Көгез – Шетпе су құбыры­ның құры­лы­сы мен Шетпе елді мекеніндегі ауыл ішін­дегі су құбырларының құрылысы аяқ­талды. Бұдан бөлек, Өтес, Жыңғылды, Баян­ды және Қызылтөбе елді мекендерін және Ақшұқыр ауыл округінде су алу ғи­маратының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Иығына иінағаш салмаса да, өңірімізде  иіле жүріп су таситын адамдардың саны бұдан былай азаятын болады. Осы­лайша жаңа «Ақбұлақ» жобасы шең­берінде Үкімет ауылдық елді мекендердің өзі орталықтандырылған ауызсумен қам­тамасыз етіледі деп сендіріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста