Алматы полицейлері Саин көшесімен артқа қарай қозғалған Lexus жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бірден бірнеше жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Lexus көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінен бірден сегіз құқық бұзушылықтың белгілері анықталды, олар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Жүргізуші 18 жастағы әлі жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт болып шықты. Көлік оның анасына тиесілі.
"Сонымен бірге, іздестіру бөлімінің қызметкерлері бұл бейнероликтің басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде, олардың да әрекеттері жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қарастырылады", - деп қосты Әзірбек.