Жаңаөзенде бүлдіршінді зорламақ болған педофил ұсталды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Амангелді Жақау әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Болған оқиғаны Маңғыстау облыстық Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзім өскен 4-49дың ауласында қолындағы пышағымен 6-7 жас шамасындағы қызды қорқытып зорламақ болды деген күдікпен "педофил" ұсталып қалыпты деген ақпарат келіп жатыр. Ауланың қақ ортасында тұрған бейнекамера арқылы қара ниеттіні танып ұстап алыпты. Айтуға ауызың бармайтын ауыр оқиғалар тапа-тал түсте боп жатырғаны өте қатты өкінішті", - деп жазған Амангелді Жақау.
Lada.kz мәліметінше, тұрғындар ер адам баланы шешіндіріп, жыныс мүшелерін ұстай бастағанын айтқан. Ал мұны қыздың анасы терезеден көріп тұрған.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілі осы жағдайға пікір білдірді.
"2023 жылғы 28 мамырда сағат 17:00 шамасында 102-ге Жаңаөзенде 4 шағынауданда ер адам кәмелетке толмаған қыздың жыныс мүшелеріне қол тигізгені туралы шақыру келіп түсті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының соталды тергеп-тексеруінің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған